Иран-Қазақстан онлайн-фотокөрмесі ашылды
(last modified Sun, 21 Mar 2021 15:14:56 GMT )
Нау 21, 2021 21:14 Asia/Almaty
  • Иран-Қазақстан онлайн-фотокөрмесі  ашылды

Иран-Қазақстан онлайн-фотокөрмесі ирандық және қазақ дәстүрлерін, екі елдегі табиғатты және мәдени мұраны таныстыру мақсатында ашылды.

Онлайн-фотокөрмесі  Иранның жаңалықтар агенттігі (IRNA) мен Қазақстан жаңалықтары агенттігі (Kazinform) арқылы Теһран мен Нұр-Сұлтанда бір мезгілде көрсетілді. Көрме екі ақпараттық агенттіктің фотографтары түсірген фотосуреттерді ұсынды. Бұл көрмеде қазақстандықтар ирандық атақты адамдармен және мұралармен, ал ирандықтар Қазақстанның салт-дәстүрлері, тағам-тамақтарымен, киімдері мен тарихи ескерткіштерімен және әсем табиғатымен танысады. IRNA мен Kazinform  кәсіби ынтымақтастық туралы өзара түсіністік туралы меморандумға ие және кәсіби жаңалықтармен және тәжірибемен алмасудан басқа, Азия-Тынық мұхиты жаңалықтары агенттігінде (OANA) бірге жұмыс істейді.

 

Тегтер