Горган-Ақтау бағытында алғашқы әуе рейсі атқарылды
Сәу 01, 2021 17:36 Asia/Almaty
Бүгін Иранның Горган қаласынан Қазақстанның Ақтау қаласына алғашқы әуе рейсі атқарылды.
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агентігінің хабарлауынша, бұл бағыттағы әуе рейстері төрт айға жоспарланған. Халық бұл бағытты қолдаса, рейс саны көбейтіліп, ұшақ апта сайын ұшуы мүмкін.
Kish Air әуе компаниясы Горган-Ақтау бағытындағы әуе рейстерін атқарады. Алғашқы төрт айда рейс чертерлік қалыпта болмақ.
Әуе рейсін ашудағы мақсат сауда-экономикалық және туристік қарым-қатынасты дамыту болып отыр.
Тегтер