Air Astana әуе компаниясының Алматы-Самарқан бағытында рейсі ашылды
Маусым 10, 2021 19:45 Asia/Almaty
Air Astana әуе компаниясы Алматы-Самарқан бағытында алғашқы рейсін атқарды.
Fars ақпарат агенттігінің Ташкенттен хабарлауынша, Қазақстанның Air Astana әуе компаниясына тиесілі Airbus 321 ұшағы 9 маусымда Ташкент сағаты бойынша 16:15-те Өзбекстанның Самарқан халықаралық әуежайына қонды. Авиациядағы дәстүрге сәйкес ұшақ су шашумен қарсы алынды.
Самарқан облысы әкімінің туризм және спорт жөніндегі орынбасары Батыр Нуроллаев пен Қазақстанның Самарқандағы консулы Ерсін Әбдірахманов: «Жаңа рейс бауырлас екі халық арасындағы достық қарым-қатынасты одан ары нығайтып, қос тараптың туристік индустриясын дамытуға көмектеседі»,-деп қуаттады.



Тегтер