Қазақстанда LinkedIn бұғатталды
(last modified Wed, 28 Jul 2021 11:21:09 GMT )
Шіл 28, 2021 17:21 Asia/Almaty
  • Қазақстанда LinkedIn бұғатталды

Қазақстан Microsoft-қа тиесілі LinkedIn әлеуметтік желісіне қолжетімділікті шектеді. Шектеудің себебі онлайн казинолар мен осы желі қолданушыларының есептерін жарнамалау болды. Қазақстан заңы бойынша онлайн казиноларды жарнамалауға тыйым салынған.

Қазақстанның Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мәлімдеме жасап: «LinkedIn-нен аталмыш жарнаманы алып тастау сұралды, бірақ компания бұйрықты орындамады»,-деп хабарлады. Сондай-ақ, мәлімдемеде LinkedIn шағымға жауап берген кезде бұл әлеуметтік желінің жұмысы қайта жанданатыны айтылған.    

Бір украиналық компанияның статистикасына сәйкес, Қазақстанда шамамен 720 мың адам LinkedIn-ді қолданады.