Қазақстан Түркиядағы өртті сөндіруге көмек жібереді
(last modified Mon, 09 Aug 2021 10:55:50 GMT )
Там 09, 2021 16:55 Asia/Almaty
  • Қазақстан Түркиядағы өртті сөндіруге көмек жібереді

Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі Түркия ормандарындағы өртті сөндіру үшін Ми-8 типті 2 тікұшақ пен өрт сөндірушілер командасын осы елге жіберді.

Anadolu ақпарат агентігінің хабарлауынша, ведомство таратқан мәлімдемеге сәйкес Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жеке өзі осы команда мен тікұшақтарды Түркияға жіберуге бұйрық берді.  

Сондай-ақ Қазақстан Түркияға зиян көрген аудандарды бұрынғы қалпына келтіруге көмектесуге дайын.

Түркияның оңтүстік аудандарын жайлаған өрт осы елдің жүздеген гектар орманын күлге айналдырды. Өрт салдарынан осы күнге дейін 8 адамның қаза тапқаны расталды.

Аймақ елдері, соның ішінде ИИР, Ресей мен Украина өрт сөндірушілер, ұшақтар мен тікұшақтар жіберу арқылы Түркияға өрт сөндіруге көмектесті.

Тегтер