Коронавирус: Қазақстандағы жағдай
Коронавирус індетіне шалдығу, ауыру, көз жұму жайттарының артуы және эпидемияның ушығуы, ауруханаларда бос орынның болмауы Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігін науқастарды үйде емдеуге мәжбүрледі.
Қазақстанның Алматы қаласы әкімнің орынбасары Ержан Бабақұмаров ауруханаларға ағылушылар легінің көбейгеніне байланысты елдің Денсаулық сақтау министрлігінен науқастарды емдеуге қажетті медициналық қызметтерді үйде көрсетуге жағдай жасауды және жедел жәрдем көліктерін көбейтуді сұрады.
Қазақстанның барлық облыстары мен қалалары қызыл аймаққа енді. Бүкіл елге карантиндік шектеулер енгізілді. Карантиндік ережелерге назар аудармай, үйлену тойы мен қонақасын өткізіп жатқандарға, қоғамдық жерлер мен көліктерде бетперде тақпағандарға полиция тарапынан айыппұл салынып, қарсы шыққандар сотқа тартылып жатыр.
Денсаулық сақтау министрлігі елде коронавирустың төртінші толқыны әлі басталған жоқ деп отыр, бірақ соңғы апталарда күн сайын індет жұқтырғандар саны 1500 адамнан асып жығылады.