Там 30, 2021 19:44 Asia/Almaty
  • Қазақстан Сыртқы істер министрі Ядролық сынақтарға тыйым салу келісімінің хатшысымен кездесті

Қазақстан Сыртқы істер министрі Нұр-Сұлтанда Ядролық сынақтарға тыйым салу келісімінің хатшысымен кездесуінде аймақта ядролық қарусыздануды жүзеге асырып, ядролық қаруларды таратпау қажеттігін қуаттады.

Қазақстан Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Роберт Флойдпен кездесуінде әлем елдерінің ядролық қарулардан бас тарту заңына берік болып, Ядролық сынақтарға тыйым салу келісімін тез арада орындауын қалайтынын білдірді.  

Роберт Флойд қазақ тарапына Ядролық сынақтарға тыйым салу келісімін қолдайтыны үшін алғыс айтып, Қазақстанның ядролық қарусыздану үдерісіндегі айрықша рөліне тоқталып, осы келісімге мүше елдердің бірлескен талпыныстарының арқасында ядролық қарудан ада әлем жасауға болатынына үміт білдірді.

Осы құжатта, сондай-ақ, барлық елдерден ядролық сынақтарды тоқтату заңын сақтауды жалғастырып, халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтауға бағытталған аталмыш келісімге қол қойып, оны ратификациялау сұралған.

Тегтер