Қазақстанда халық санағы басталды
Қыр 02, 2021 15:05 Asia/Almaty
1 қыркүйекте Қазақстанда жалпыхалықтық санақ басталды.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Қазақстан Ұлттық статистика бюросының басшысы Нұрболат Айдапкелов: "Ел тарихында алғаш рет халық санағында сандық технологиялар пайдаланылады",-деді.
Айдапкелов: "1 қыркүйек пен 15 қазан аралығында халық санағы онлайн форматта өтеді. Онлайн қатыса алмайтын адамдар қазан айында үкімет тарапынан тағайындалған санақшылардың сұрақтарына жауап бере алады",-деді.
Қазақстан тəуелсіздік алғаннан бері халық санағы үшінші рет өткізіліп отыр.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың мəлімдеуінше, биыл елде халық саны 19 миллионға жетті.
Тегтер