Қазақстанда «Иран тарихы, мәдениеті және бүгіні» атты онлайн көрме өтті
Қазақстанның Ұлттық мұражайы Иран Ислам республикасының Елшілігі және Мәдени өкілдігімен әріптесе отырып, 2021 жылы 2 қыркүйекте «Иран тарихы, мәдениеті және бүгіні» атты онлайн көрме өткізді.
Иран Ислам республикасының Қазақстандағы мәдени өкілі Әли Акбар Талеби Матин мырзаның айтуынша, көрменің мақсаты Иран мәдениеті мен өркениетін қазақ халқына көбірек таныстыру болды. Көрме Facebook, Instagram және YouTube сияқты әлеуметтік желілерде тікелей көрсетілді. Өйткені қазір оқырмандар қажетті ақпаратты осы платформалардан алады.
Көрмеде ежелгі Ираннан заманауи Иранға дейінгі аралық қамтылған. Бұл видеода Иранның тарихи-архитектуралық ескерткіштері, ирандықтардың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптары, танымал тұлғалар мен әйгілі қалалар көрсетілген. Қазақстанда Омар Хайям, Сағди Ширази мен Джалаледдин Румидің көбірек танымал екенін айта кету керек. Сондықтан Абай Құнанбай, Шәкәрім Құдайбердіұлы және басқа да қазақтың ақындары парсы тілін білген.
Көрмеде, сондай-ақ, ирандық әйелдер мен ерлердің киімдері жайлы ақпарат беріледі. Әрине киім түрі шыққан өңіріне байланысты екені анық. Сол себепті ирандықтардың киімі алуан түрлі.
Парсы кілемдері – бөлек бір тақырып. Әлем халықтарының парсы кілемдеріне тәнті болып келе жатқанына ғасырлар болды.
Иранның ұлттық музыкасы да осы көрме тақырыптарының бірі болды.
Иран елі дәстүрлі спортшыларға ерекше көңіл бөледі. Теһран – Батыс Азия аймағында Азия ойындарын өткізген алғашқы қала. Еркін күрес – Иранның дәстүрлі спорт түрлерінің бірі. Алайда қазіргі таңда Иранда футболға қызығушылық жоғары. Бүгінде ирандық спортшылар қысқы және жазғы олимпиада ойындарының барлық саласына қатысады.
Иран жері ғажайыпқа толы. Бұл елде бір уақытта 4 мезгілді көруге болады. Шөл дала Иранның орталық және шығыс бөлігін алып жатыр. Лут шөлінде +71 градусқа дейін ыстық болады. Ол әлемдегі ең ыстық жер саналады. Иранның оңтүстік-шығыс жағында орналасқан Лут шөлінде әлемдегі ең биік құм төбелер болумен қоса әдемі оазистер де бар. Шөлдің аумағы Йезд, Керман, Систан мен Белуджистан, Оңтүстік Хорасан облыстарына кіріп жатыр.
Иранда 20-дан аса көл бар. Солардың бірі – Заривар көлі. Ол Күрдістан облысының туристік тартымдылықтарының бірі саналады. Бұл көл – Иранның ең ірі тұщы су көзі.
Исфахан – Иранның ең танымал туристік қалаларының бірі. Жыл сайын көптеген шетелдік бұл қаланы көріп қайтады. Қаладағы көрнекті жерлердің бірі – «Нақш-е жаһан» алаңы. ЮНЕСКО-ның әлемдік мұра тізіміне тіркелген осы алаң – Исфахан облысының ең ірі саяси-экономикалық, әлеуметтік, туристік және ойын-сауық орталығы. Исфахан қаласының ең маңызды тарихи ескерткіші ретінде «Нақш-е жаһан» алаңын атауға болады. Ол сәулет өнері тұрғысынан тартымды түрлі бөліктерден тұрады. Мешіттер Иранның көрнекті жерлерінің бірі саналады. Солардың бірі – «Нақш-е жаһан» алаңында орналасқан Имам мешіті.
Бүгінде ИИР – халықаралық туризм үшін тартымды елдердің бірі. Иранда көпті көрген туристің өзін таңқалдыратын тартымдылықтар бар. Елде тарихи-архитектуралық ескерткіштер өте көп. Иранның Еуразия құрлығындағы рөлі маңызды. Бүгінде Иран – Азиядағы ең дамыған елдердің бірі. Елдің халықаралық сахнадағы орны жоғары.
YouTube-тегі сілтеме: https://youtu.be/ixOSoyl6GQY