Азия даму банкінің Қазақстандағы инвестициясы
(last modified Sat, 09 Oct 2021 12:40:11 GMT )
Қаз 09, 2021 18:40 Asia/Almaty
  • Азия даму банкінің Қазақстандағы инвестициясы

Қазақстан Президенті Азия даму банкінің өткен 27 жылда елдің экономикасына 6 миллиард доллардан астам инвестиция салғанын мәлімдеді.

 

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Азия даму банкінің президенті Масацугу Асакавамен онлайн байланыста оны тағайындалуымен құттықтап, банкке Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін алғыс айтты.

Тоқаев Азия даму банкінің соңғы 27 жыл ішінде Қазақстан экономикасына 6 миллиард долларға жуық инвестиция салғанына тоқталып, бұл соманы қомақты және екі жақ ынтымақтастығының табысты дамуының белгісі деп тапты. Қазақстан Президенті Азия даму банкінің өз елімен ынтымақтастығын маңызды бағалап, бұл халықаралық қаржы институтымен ұзақ мерзімді және өзара тиімді қарым-қатынасты сақтау  ниетін білдірді.

Сондай-ақ, Қазақстан мен Азия даму банкі арасындағы 2022-2026 жылдарға арналған серіктестіктің жаңа стратегиясын дайындау екі жақ қарастырған маңызды мәселе болды.

 

Тегтер