Қазақстанда терроризмді қаржыландырудың 26 фактісінің жолы кесілді
Қаз 29, 2021 18:23 Asia/Almaty
Қазақстанның Терроризмге қарсы орталық штабы елде терроризмді қаржыландырудың 26 фактісіне тосқауыл қойылғанын жариялады.
Fars News ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, ҚР Терроризмге қарсы орталық штабының бөлім басшысы Жанарбек Жаңабаев елдегі терроризмді қаржыландырудың алдын алу жөнінде: «2018-2020 жылдар аралығында Қазақстанда терроризмді қаржыландырудың 26 фактісі анықталды. Қазіргі жағдайда экстремизмге қарсы арнайы қызметтер мен құқық қорғау органдарын күшейту көзделуде»,- деді.
Бейсенбі күні Нұр-Сұлтан қаласында терроризмге қарсы осал аумақтарды қорғау шараларын жетілдіру және лаңкестік қауіптерге қарсы тұру жөніндегі жетінші халықаралық конференцияның басталды.
Тегтер