Иран мен Қазақстан «Бейбітшілік пен келісім жолындағы дінаралық диалог» атты вебинар өткізеді
(last modified 2021-10-31T17:09:34+00:00 )
Қаз 31, 2021 23:09 Asia/Almaty
  • Иран мен Қазақстан «Бейбітшілік пен келісім жолындағы дінаралық диалог» атты вебинар өткізеді

2 қарашада Иран мен Қазақстан арасында «Бейбітшілік пен келісім жолындағы дінаралық диалог» атты вебинар өтеді.

Қазақстанның Назарбаев атындағы конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту орталығы мен осы елдің Ирандағы елшілігінің ұйымдастыруымен және Иранның Мәдениет және исламдық байланыстар ұйымының Дінаралық және мәдениетаралық диалог орталығының қатысуымен 2 қарашада «Бейбітшілік пен келісім жолындағы дінаралық диалог» атты вебинар өтеді.  

Иранның Мәдениет және исламдық байланыстар ұйымының баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Бейбітшілік пен келісім жолындағы дінаралық диалог» атты вебинар сейсенбі, 2 қараша сағат 09:30-да Қазақстан мен Иранның елшілері, Дінаралық және мәдениетаралық диалог орталығының басшысы, ИИР-ның Нұр-Сұлтан қаласындағы Мәдени өкілі және екі елдің осы саладағы сарапшыларының қатысуымен ZOOM платформасында өтеді.

Бұл онлайн дөңгелек үстел Қазақстанның Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің хатшылығы мен тиісті жұмыс тобының жиналыстарының жалғасында екі елдің аталған жиында қол жеткізген келісімдерін орындауда көбірек әріптестік пен әрекеттестік жасауы мақсатында өтеді.

Қазақстанның Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі хатшылығының 19-шы отырысы мен тиісті жұмыс тобының жиналыстары 5-6 қазанда әлем елдері, соның ішінде ИИР-ның өкілдерінің қатысуымен Қазақстан Парламентінің Сенат палатасы төрағасының басқаруымен өткен болатын.

Тегтер