Қар 02, 2021 18:20 Asia/Almaty
  • «Бейбітшілік пен түсіністік жолындағы дінаралық диалог» атты дөңгелек үстел өтті

2021 жылғы 2 қарашада Тегеранда «Бейбітшілік пен түсіністік жолындағы дінаралық диалог» атты дөңгелек үстел онлайн форматта өтті.

Бұл іс-шара Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығының қолдауымен, Қазақстанның Ирандағы елшілігінің ұйымдастыруымен, ИИР Мәдениет және ислам байланыстары ұйымы және Иранның Қазақстандағы елшілігінің белсенді қатысуымен өткізілді.

          Дөңгелек үстелге ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі С.Егізбаев, ИИР Мәдениет және ислам байланыстары ұйымының Дінаралық және мәдениетаралық диалог орталығының төрағасы Ғ.Сүлеймани, Қазақстанның Ирандағы Елшісі А.Оразбай, Иранның Қазақстандағы елшісі М.Сабер, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының наиб муфтиі Е.Оңғаров, Құм қаласындағы Халықаралық діндерді зерттеу ұйымы  басшысының орынбасары Х.Әбдипур, «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» КЕАҚ жетекшісі Қ.Майгелдинов, Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығының Діни ахуалды талдау эәне дінтану сараптамасы институтының басшысы Е.Байбол, ИИР Мәдениет және ислам байланыстары ұйымының Дінаралық және мәдениетаралық диалог орталығының Ислам, ортодоксалды христиан және протестант діндері жөніндегі депатраментінің басшысы З.Рашидбейги және екі елдің өзге де сарапшылары қатысып, сөз сөйледі.

Вебинар барысында

          Осы іс-шараға IRNA, Tehran times, Iran news, Iran daily, Asia, Iran және өзге де БАҚ өкілдері қатысып отырды.

          ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі С.Егізбаев дөңгелек үстелді ресми түрде ашып, Қазақстан өз тәуелсіздігінің 30 жылы ішінде қол жеткізген жетістіктеріне, соның ішінде дінаралық  диалогтың маңыздылығына тоқталды.

          Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығының институт басшысы Е.Байбол Қазақстанның халықаралық аренада көтерген бастамаларының пәрменді түрде жүзеге асқанын, соның ішінде Әлемдік және дәстүрлі діндер  съезінің жаһанда конфессияаралық диалог орнатудағы маңызын, ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың кейінгі саяси-экономикалық реформаларын, ҚР қоғамы келісім мен үйлесімділікте дамып отырғанын ашып көрсетті.

          Сонымен қатар, ИИР Мәдениет және ислам байланыстары ұйымының Дінаралық және мәдениетаралық диалог орталығының төрағасы Ғ.Сүлеймани тарихтағы дінаралық диалогтың рөліне, Құран  Кәрімдегі осы жөніндегі аяттың мән-маңызына айрықша назар аударды.

          Қазақстанның Ирандағы елшісі А.Оразбай ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың басшылығымен дінаралық және этносаралық диалогқа қол жеткізу жолында қазақстандық бірегей модел қалыптасқанына, халықаралық аренада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі сияқты маңызды халықаралық іс-шаралар өткізіліп келе жатқанына егжей-тегжейлі тоқталды. Қазақ елшісі  ҚР Президенті Қ.К.Тоқаев саяси сабақтастықты үзбей, дінаралық және этносаралық келісім мен түсіністіктің сақталуына, Дін съезінің отырыстарын жаңа мазмұнда жалғастыруға мән беріп отырғанын атап көрсетті.

          Бұдан өзге, Иранның Қазақстандағы елшісі М.Сабер өзінің бейбітшілікті сүйетін, диалог пен толеранттылықты жақтаушы ретінде танымал елде миссияда жүргеніне аса қуанышты екенін мәлімдеді. Ол ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшыларының съезін» шақыру, «Қазақстан халқы ассамблеясын» құру туралы бастамалары Қазақстанның әртүрлі діндер арасындағы бейбітшілікті, диалогты және ауызбіршілікті ілгерілетуге ұмтылысының айқын көрінісі екенін қадап айтты.

          Ал, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының наиб муфтиі Е.Оңғаров конфессияаралық диалогтың діни аспектілеріне, бүгінде Қазақстан жаhандық конфессияаралық үнқатысу орталығы болып саналатынына тоқталды.

          Бұдан бөлек, ИИР Дінаралық және мәдениетаралық диалог орталығының депатрамент басшысы З.Рашидбейги конфессиялар диалогын қалыптастырудағы Әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшылары съезінің маңызды рөліне мән берді.

          Жалпы, аталған және өзге де спикерлер бейбітшілік пен түсіністік жолындағы дінаралық диалогты ілгерілетудің маңызын, Қазақстан мен Иранның осы  мақсаттағы күш-жігерлерін, Дінаралық диалогтың бірегей алаңы - Әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшыларының съезінде көтеріліп жүрген бастамалар пен ой-пікірлердің өзектілігін, ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауларындағы міндеттердің сәтті іске асырылу барысын  кеңінен талқылады. Сондай-ақ, олар ҚР басшылығының халықаралық бастамаларына жоғары баға беріп, дінаралық диалогтың ауқымы күннен-күнге кеңейіп, түпкі мақсатына күн сайын жақындай түсетініне үміт білдірді.

Дереккөзі: Қазақстанның Ирандағы елшілігі

 

Тегтер