Қасым-Жомарт Тоқаев: Қытай - Қазақстанның басты сенімді серігі
(last modified Mon, 08 Nov 2021 12:36:09 GMT )
Қар 08, 2021 18:36 Asia/Almaty
  • Қасым-Жомарт Тоқаев: Қытай - Қазақстанның басты сенімді серігі

Қазақстан Президенті  Қытайды Қазақстанның басты сенімді серігі деп атады.

Қасым-Жомарт Тоқаев "Қытайдың импорттық тауарлары" атты төртінші халықаралық көрменің ашылу рәсімінде: "Бүгінде Қазақстан мен Қытайдың жан-жақты стратегиялық серіктестігі жаңа кезеңге аяқ басты деп толық сеніммен айта аламыз",-деді.

Қазақстан Президенті: "Екі елдің сəтті əріптестігі Еуразия  аймағында бірлесе дамуға жол ашады. Екіжақты сауда-экономикалық қарым-қатынас болашақта  одан əрі дами түседі",-деді.

Қасым-Жомарт Тоқаев көрмеге Қазақстанның 30 ірі өндірушісі қатысып жатқанын айтып: "Олар  азық-түлік пен ауыл шаруашылығы өнімдерімен қамтамасыз етуге қатысты құны 100 млн доллардан асатын келісімшарттарға қол қояды деп күрілуде",-деді.

Тегтер