Қасым-Жомарт Тоқаев: Қытай - Қазақстанның басты сенімді серігі
Қазақстан Президенті Қытайды Қазақстанның басты сенімді серігі деп атады.
Қасым-Жомарт Тоқаев "Қытайдың импорттық тауарлары" атты төртінші халықаралық көрменің ашылу рәсімінде: "Бүгінде Қазақстан мен Қытайдың жан-жақты стратегиялық серіктестігі жаңа кезеңге аяқ басты деп толық сеніммен айта аламыз",-деді.
Қазақстан Президенті: "Екі елдің сəтті əріптестігі Еуразия аймағында бірлесе дамуға жол ашады. Екіжақты сауда-экономикалық қарым-қатынас болашақта одан əрі дами түседі",-деді.
Қасым-Жомарт Тоқаев көрмеге Қазақстанның 30 ірі өндірушісі қатысып жатқанын айтып: "Олар азық-түлік пен ауыл шаруашылығы өнімдерімен қамтамасыз етуге қатысты құны 100 млн доллардан асатын келісімшарттарға қол қояды деп күрілуде",-деді.