Экстремистік әрекетке қатысы бар адамдарға Қазақстанға кіруге тыйым салынады
(last modified Wed, 17 Nov 2021 16:07:51 GMT )
Қар 17, 2021 22:07 Asia/Almaty
  • Экстремистік әрекетке қатысы бар адамдарға Қазақстанға кіруге тыйым салынады

Қазақстан Парламенті экстремистік және лаңкестік әрекетке қатысы бар адамдарға елге кіруге тыйым салуды қарастыруда.

Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Снежанна Имашева: "Заң жобасы көші-қон саласындағы заңнаманың сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру тәртібін айқындау, кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстар үшін сотталғандардың біздің елге келуін, Қазақстан азаматтығын алуын шектеу, экстремистік немесе террористік әрекетке қатысы бар шетелдіктерге елімізге келуіне тыйым салу, төтенше жағдайларда қолданылу мерзімі өткен құжаттарды пайдалану мәселелерін реттеу және тағы басқа түзетулерді көздейді",- деді.

 

Тегтер