11 ел азаматтарының Қазақстанға кіруіне шектеу қойылды
(last modified Tue, 30 Nov 2021 10:06:16 GMT )
Қар 30, 2021 16:06 Asia/Almaty
  • 11 ел азаматтарының Қазақстанға кіруіне шектеу қойылды

«Омикрон» коронавирусының жаңа штаммының таралуына байланысты 11 елдің азаматтарының Қазақстанға кіруіне шектеу қойылды және Мысырмен әуе қатынасы уақытша тоқтатылды.

 

ҚР Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Марат Шоранов:  «Қазақстан үкіметінің шешімі бойынша 3 желтоқсаннан бастап 11 елдің, соның ішінде Оңтүстік Африка Республикасы, Зимбабве және Мозамбиктен келген шетелдік азаматтардың Қазақстанға келуіне шектеу қойылады», - деп хабарлады.

Италия, Германия және Австралия сияқты «Омикрон» вирусы анықталған елдерден Қазақстанға келген адамдар үшін де ПТР тестілері қажет және олар жеті күн бойы үйде карантинде болуы керек.

Денсаулық сақтау министрінің орынбасары сөзінің жалғасында: «Мысыр арасындағы әуе қатынасы жолаушылары санының   жоғары болуына және Мысыр-Бельгия рейстерінде жолаушылар арасында «Омикрон»  штаммының анықталуына байланысты Қазақстан 3 желтоқсаннан бастап,  Мысыр арасындағы әуе рейстерді тоқтатады»,- деді.   

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, коронавирус індеті басталғаннан бері Қазақстанда 971541 адам коронавирус жұқтырған және 12 696 адам қайтыс болған.

 

Тегтер