Иран мен Қазақстанның сауда айналымы екі есе артты
Қазақстанның Ирандағы елшісі Теһран мен Нұр-Сұлтан арасында сауда айналымының артқанын мәлімдеді.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, жексенбі күні Теһранда Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған мерейтойда сөз сөйлеген Асхат Оразбай: «2021 жылдың алғашқы 9 айында екі елдің сауда айналымы 2020 жылдың осындай мерзімінен салыстырғанда екі есе артты»,-деді.
Асхат Оразбай: «Иран – Қазақстан егемендік алған сәтте бірден таныған әлемдегі алғашқы ел. Бұл жайт ешқашан ұмытылмайды»,-деді.
Ол Иранның халықаралық сахналарда Қазақстанды қолдайтынына тоқталып: «Біз Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде мүше болуы, Астанада EXPO-2017 көрмесін өткізу және штабы Қазақстанда орналасқан Исламдық азық-түлік қауіпсіздігі ұйымының жарғысына қол қою ұсыныстарын қолдағаны үшін Иран үкіметіне алғыс айтамыз»,-деді.