Қазақстан үкіметі ирандық өндірушіге арнайы жүлде берді
(last modified Mon, 27 Dec 2021 14:07:02 GMT )
Жел 27, 2021 20:07 Asia/Almaty

Қазақстан Президентінің арнайы жүлдесі ең үздік 3 мың өндірушінің арасында ауыл шаруашылығы саласында Kaz-Ir Agro ирандық компаниясына берілді.

ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің Алматыдан хабарлауынша,  Kaz-Ir Agro ирандық компаниясы Қазақстанда мақсары егіп, одан май алып, осы өнімді Жапония, Қытай, АҚШ, Ресей, Германия, Чехия, Нидерланды және басқа да төрт еуропалық елге экспорттайды.

Қазақстандағы қазылар алқасы осы ирандық компанияны идеядағы жаңашылдық және егу, өңдеу және қаптау үдерісін толық қамтыған халықаралық стандарттарға сай жаңа өнім шығарғаны үшін арнайы жүлдеге лайық деп тапты.

Сондай-ақ Қазақстан Парламенті де осы компанияға алғыс білдірді. Қазақстан Индустрия және инфрақұрылымдық дамыту министрі Бейбіт Атамқұлов 2021 жылға арналған "Алтын сапа" ең үздік өндіруші жүлдесін ирандық компанияның атқарушы директоры Хамидреза Әли Нақианға табыстады.  

Тегтер