Қазақстанда төтенше жағдай жарияланды
(last modified Wed, 05 Jan 2022 14:41:00 GMT )
Қаң 05, 2022 20:41 Asia/Almaty
  •  Қазақстанда төтенше жағдай жарияланды

2022 жыл Орталық Азиядағы ең ірі экономикасы бар Қазақстан үкіметі мен халқы үшін қолайсыз жағдайда басталды.

 

Бір жағынан, Нұр-Сұлтан үкіметі бюджет тапшылығы дағдарысы мен қаржылық мәселелерге тап болды және басқа жағынан, автокөліктерге арналған сұйытылған мұнай газының қымбаттауымен Қазақстанның ірі қалаларындағы халықтың наразылығына лайықты жауап беруі керек. Осындай жағдайға байланысты, халық наразылығына алғашқы реакциясында Қазақстан Президенті төтенше жағдай және екі апталық әскери жағдай жариялады, екінші қадамда соңғы күндердегі жаппай тәртіпсіздіктер мен ірі шерулер үшін үкіметті жауапты деп біліп,  Министрлер кабинетін таратуға келісті. Қазақстан Конституциясына сәйкес, жаңа үкімет құрылғанша дейін премьер-министр міндетін вице-премьер, яғни Әлихан Смайылов  уақытша орындайды және министрлер кабинеті де уақытша жұмыс істейді. Алайда, 2022 жылдың алғашқы күндерінде Қазақстан үкіметі мен халқы үрейлі жаңалықтардың куәсі болды.    Орталық Азияның үлкен мемлекетінің халқы көп қалаларында адамдар сұйытылған мұнай газының қымбаттауына наразылық ретінде бұл күндері көшеге шығып үкіметке қарсы наразылық білдіруде.

Халық наразылықатыран байланысты Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елде төтенше жағдай жариялады. Төтенше жағдай екі аптаға, яғни 19 қаңтарға дейін жалғасады. Қазақстан президенті шерушілерге: «Сақ болыңыздар, ішкі және сыртқы арандатушылықтардың әсеріне түспеңдер»,- деп ескерту жасады. Қазақстан Президенті сондай-ақ әскери кеңселер мен орталықтарға жасалған шабуылды заңсыз деп сипаттап, сонымен бірге  оның үкіметінің халық наразылығынан құламайтынын мәлімдеді. Тоқаев сондай-ақ төтенше жағдай, Алматы мен Маңғыстау қалаларында коменданттық сағат енгізуге, митингілер мен түнгі көлік қозғалысына тыйым салуға бұйрық берді. Қазақстан Президентінің жарлығында жағдайды тұрақтандыру және тыныштық орнату жөніндегі барлық өкілеттік Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық ұланға жүктелетіні атап көрсетілген. Соңғы күндері Маңғыстау облысының Ақтау және Жаңаөзен қалаларында сұйытылған мұнай газының қымбаттауына жаппай наразылық шерулері өтіп жатыр. Наразылық білдірушілер үкіметті автокөлік газының литріне 60 теңгеден 120 теңгеге көтерілуіне жол бермеуге шақырды. Бұған дейін Қазақстанның Энергетика министрлігі автокөліктердің сұйытылған мұнай газы бағасының көтерілуін сұраныс пен ұсынысты реттеудің орынды шарасы деп атап, тұтыну көлемінің артқанына қарамастан, жыл сайынғы газ өндіру тұрақты болып отырғанын айтқан болатын. Наразылық білдірушілер Қазақстанда төленетін ең төменгі жалақыны ескерсек, көлік газының литрі үшін 60 теңгенің бағасы орынды санайды. Қазақстанның ішкі жағдайына шолу жасап, Қазақстанда сұйытылған мұнай газының екі есе қымбаттауына қарсы наразылық әлі де жалғасып жатқанын айту керек.  Нұр-Сұлтан үкіметінің басшылары наразылық шерулерді заңсыз деп танып, наразылық білдірушілерді өз талаптарын жазбаша түрде жеткізуге шақырды. Халық наразылығынсыз өз құқықтарын пайдалана алмайтынын Қазақстан халқы басынан өткерді. Қазақстан үкіметі, әсіресе Президент сұйытылған мұнай газының қымбаттауы Орталық Азиядағы ең ірі ел тұрғындарына қосымша қиындықтар тудыратынын жақсы біледі. Сонымен қатар жанар-жағармай бағасының өсуі инфляцияның күрт өсуіне және ақшаның құнсыздануына, халық үшін көптеген экономикалық мәселелерге негіз болады. Бірақ Нұр-Сұлтан басшылары сұйытылған мұнай бағасын көтеруден басқа амал таппаған сыңайлы.

 

Тегтер