Қазақстанның Ішкі істер министрлігі соңғы қақтығыстар жайлы есеп берді
(last modified Fri, 07 Jan 2022 08:07:38 GMT )
Қаң 07, 2022 14:07 Asia/Almaty

Қазақстанның Ішкі істер министрлігі елдегі қатыгез шерулерде жүздеген наразының тұтқындалғанын хабарлады.

Қазақстанның Ішкі істер министрлігі кеше, бейсенбі күні өз мәлімдемесінде: «Осы уақытқа дейін 18 әскери адам шерушілермен қақтығыста қаза тапты»,-деді.

Қазақстан ІІМ, сондай-ақ: «Осы қақтығыста 748 полиция қызметкері мен ұлттық гвардия сарбазы жараланды»,-деп еске салды.  

Мәлімдемеде бойынша, 2298 адам қамауға алынды.

Қазақстанның ең ірі қаласы Алматыдағы басқару штабы да кеше қаладағы қақтығыстарда 13 полиция қызметкерінің қаза тапқанын хабарлады.

Қазақстан халқының шеруі жексенбі сұйытылған газ бағасының 60 теңгеден 120 теңгеге көтерілгеніне наразылық ретінде басталды. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жағдайды тыныштандыру үшін Министрлер кабинетінің отставкаға кету өтінішін қабылдап, газ бағасын өсіру қаулысының күшін жойды. Бірақ Тоқаев қабылдаған шараларға қарамастан наразылықтар әлі де жалғасып жатыр.

Тегтер