БҰҰ Қазақстандағы оқиғаларды тәуелсіз тексеруге шақырды
Қаң 12, 2022 20:48 Asia/Almaty
БҰҰ-ның Гуманитарлық істерді үйлестіру басқармасы Қазақстандағы жақында болған тәртіпсіздіктерге шетелдік араласу туралы түсініктеме бермей, дереу, тәуелсіз және бейтарап тергеу жүргізуге шақырды.
IRNA-ның хабарлауы бойынша, БҰҰ сайты: «БҰҰ-ның тәуелсіз сарапшылары сәрсенбі күні Қазақстан билігін күш қолдануды тоқтатуға шақырды. БҰҰ Қазақстан үкіметін оқиғаларда қауіпсіздік күштерін қалай пайдаланғаны туралы адам құқықтары стандарттарына негізделген тәуелсіз тергеу жүргізуге шақырды»,- деп жазды. БҰҰ мәліметі бойынша, Қазақстандағы тәртіпсіздіктерге қатысы бар деген айыппен 10 мыңға жуық адам қамауға алынған және қаза тапқандар саны 164-ке жетті.
Тегтер