Қаң 17, 2022 22:30 Asia/Almaty
  • Қазақстанның саяси-қауіпсіздік жағдайына шолу

Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті Нұр-Сұлтан үкіметінің жоғары лауазымды қызметкерлері және бұл елде халықтық наразылықтарға қатысып, қастық жасаушыларды тазартуды көздеп отырған жағдайда Ұлттық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына қарасты бітімгер күштер осы елден шығарылып жатыр.

Ұлттық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына қарасты бітімгер күштердің Қазақстаннан шығарылуы осы салада қол қойылған келісімге сәйкес жүзеге асырылуда. Шын мәнінде Қазақстанның түрлі қалаларында тыныштық орнағаннан кейін Ұлттық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше елдердің Қорғаныс министрлері ресми түрде өз күштерінің Қазақстаннан шығарылатынын жариялады. Осыған қатысты Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының бітімгер күштерінің басты миссиясының сәтті аяқталғанын жариялап: «Бітімгер күштер 13 қаңтардан бастап 10 күн ішінде шығарылады»,-деді.

Қазақстанның үлкен қалаларында, соның ішінде Алматыда болған халықтық наразылықтар барысында Нұр-Сұлтан үкіметі кейбір бөгде елдердің Қазақстанда төңкеріс жасауды жоспарлауға қатысқанын айтты. Осы салада Қазақстанның Сыртқы істер министрі Ерлан Карин елде болған тынышсыздықтардың басты мақсатын төңкеріс жасап, Тоқаев үкіметін құлату деп мәлімдеді.

Қазақстанның ірі қалаларында халықтық наразылықтардан үш күн өткен соң айтылған Ерлан Кариннің сөздері мына ақиқаттың бетін ашты: бөгде елдер, әсіресе АҚШ пен Ұлыбритания Қазақстандағы наразылықтарда көрнекті рөл атқарған. Нұр-Сұлтан үкіметінің кейбір басшыларының елдегі наразылықтарда Қазақстан әскери күштерінің бүлікшілерге көмектескені туралы мәлімдемелеріне алданған халық ірі қалаларда көшеге көптеп шықты. Қазақстандағы бүліктер ақырында Ұлттық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше елдер күштерінің көмегімен аяқталды. Қазақстан Президентінің өтінішімен елдің түрлі қалаларында орналастырылған күштер қазір елден шығарылып жатыр.

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Ресей басшыларын кекетіп: «Ресей күштері қай елде орналасса, сол елден шықпайды» деп уәж айтқанына қарамастан, Ұлттық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының бітімгер күштері Қазақстаннан шығарылып жатыр. Тәжірибе көрсеткендей, Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін АҚШ-тың өзі өз күштерін орналасқан елдер мен аймақтан шыққысы келмейді.  

Тегтер