Қазақстанның барлық аумағында төтенше жағдай күші жойылды
Қаң 19, 2022 17:37 Asia/Almaty
Қазақстан үкіметі елдің түкпір-түкпіріндегі төтенше жағдай режимін тоқтатты.
Қазақстан үкіметі наразылық шерулеріне байланысты қаңтар айының басынан бері елде жарияланған төтенше жағдайды алып тастағанын хабарлады. Қазақстандық басшылардың айтуынша, елде тәртіп орнағанымен, кейбір аймақтарда лаңкестікке қарсы операциялар жалғасуда. 13 қаңтардан бастап Батыс Қазақстан, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында төтенше жағдай режимі алынып тасталды. Наразылық шерулері сұйытылған газ бағасы екі есеге қымбаттағаннан кейін басталып, жағдайдың ушығуынан кейін Қазақстанның өтініші бойынша Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы елге бітімгершілік күштерін жіберген болатын.
Тегтер