Қазақстан Парламентінің Сенат палатасы Назарбаевтың өкілеттігін азайтады
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i58550
Қазақстан Парламентінің Сенат палатасы Нұрсұлтан Назарбаевты елдің Қауіпсіздік кеңесі мен Халық ассамблеясын өмір бойы басқару өкілеттігінен айырды.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қаң 27, 2022 16:19 Asia/Almaty
  • Қазақстан Парламентінің Сенат палатасы Назарбаевтың өкілеттігін азайтады

Қазақстан Парламентінің Сенат палатасы Нұрсұлтан Назарбаевты елдің Қауіпсіздік кеңесі мен Халық ассамблеясын өмір бойы басқару өкілеттігінен айырды.

Қазақстан Парламенті Сенат палатасының депутаты Лəззат Сүлеймен осы туралы: "Сенаторлар заңға өзгерістер енгізуге келісті. Соған сəйкес ҚР Қауіпсіздік кеңесі мен Халық ассамблеясын ресми түрде президент басқаруы тиіс",-деді.

Бұған дейін Қазақстанның тұңғыш президенті əрі елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елдің Қауіпсіздік кеңесі мен Халық ассамблеясын басқарып келген.

Лəззат Сүлейменнің айтуынша, Сенат палатасы осы заңға түзетулер енгізуді қолдап, Мәжіліс палатасына қайтарып жіберді.