Қазақстанда саяси реформалар жалғасуда: Парламент спикері отставкаға кетті
(last modified Tue, 01 Feb 2022 14:43:46 GMT )
Ақп 01, 2022 20:43 Asia/Almaty
  • Қазақстанда саяси реформалар жалғасуда: Парламент спикері отставкаға кетті

Парламент спикерінің отставкаға кетуімен Қазақстанда саяси реформаларды жүзеге асыру жаңа кезеңге аяқ басты.

Қазақстан Президенті елдегі толқулар мен наразылықтармен бір мезгілде алдағы уақытта халыққа саяси реформалардың жаңа пакетін ұсынатынын мәлімдеді. Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының араласуымен елде тәртіпсіздік тоқтап, қалыпты жағдай оралды. Өткен айда зорлық-зомбылық шерулері Қазақстанды ішкі мәселелерге шырмап, Нұрсұлтан Назарбаевтың қалған міндеттерін алып тастап, Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік кеңесі төрағасының отставкаға кетуіне әкелді.

Қазақстан Парламенті Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин   отставкаға кетіп, оның орнына   Қасым-Жомарт Тоқаевтың кеңсе меңгерушісі болған Ерлан Қошанов тағайындалды. Нұрлан Нығматулиннің отставкаға кету себебі әлі жарияланған жоқ.

Тегтер