Назарбаев Қазақстанда ірі шешімдер қабылдаудан шеттетілді
(last modified Thu, 03 Feb 2022 13:09:32 GMT )
Ақп 03, 2022 19:09 Asia/Almaty
  • Назарбаев Қазақстанда ірі шешімдер қабылдаудан шеттетілді

Қазақстан Парламентінің Сенат палатасы жоба бекітіп, елдің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты ірі саяси шешімдер қабылдаудан шеттетті.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Қазақстан Парламенті сәрсенбі күні: "Депутаттардың жобасына сәйкес Нұрсұлтан Назарбаев елдің ішкі-сыртқы саясатына қатысты шешім қабылдай алмайды",-деп мәлімдеді.  

Қазақстан Парламенті сәрсенбі күнгі жиналыста кейбір заңдарға түзетулер мен өзгерістер енгізуді мақұлдады. Соған сәйкес Қазақстан үкіметінің бастамаларын Назарбаевпен үйлестіру қажеттігі жойылды.

Осыған дейін Қазақстан Парламенті қабылдаған түзетулер бойынша елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қауіпсіздік кеңесі мен Халық ассамблеясын өмір бойы басқару құқығынан айырылды.  

Енді Қазақстанның кейбір заңдарына түзетулер мен өзгерістер енгізу жобаларына ел басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қоюы керек.

Ал бұл жағдайда Қазақстанның тұңғыш Президенті маңызды тақырыптарды талқылауда Парламент пен үкіметте сөз сөйлеу құқығын сақтап қалды.

Тегтер