Қазақстан мен Мысыр басшыларының экономикалық кеңесі
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i59272-Қазақстан_мен_Мысыр_басшыларының_экономикалық_кеңесі
Қазақстан Президенті мысырлық әріптесімен телефон арқылы сөйлескен кезде екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықты арттыруға шақырды.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Ақп 26, 2022 19:01 Asia/Almaty
  • Қазақстан мен Мысыр басшыларының экономикалық кеңесі

Қазақстан Президенті мысырлық әріптесімен телефон арқылы сөйлескен кезде екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықты арттыруға шақырды.

 

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев  Мысыр Президенті Абдәл Фаттах әл-Сисимен телефон арқылы сөйлесіп,  екіжақты сауда ынтымақтастығы келешегін талқылады. Тоқаев бұл сұхбатында: «Қазақстан мен Мысыр қатынастарының мүмкіндігі толық қолданылмады және екі ел өз экономикалық қатынастарын кеңейте алады»,- деді.

Мысыр Президенті де сондай-ақ Қазақстанмен экономикалық өзара іс-қимыл екі елге экономикалық пайда әкелетінін және Нұр-Сұлтан-Каир екіжақты ынтымақтастығын арттыратынын айтты.