Ресей мен Қазақстан премьер-министрлерінің кездесуінде екіжақты ынтымақтастықты арттыру қажеттігі айтылды
(last modified Mon, 28 Feb 2022 13:32:50 GMT )
Ақп 28, 2022 19:32 Asia/Almaty
  • Ресей мен Қазақстан премьер-министрлерінің кездесуінде екіжақты ынтымақтастықты арттыру қажеттігі айтылды

Ресей мен Қазақстан премьер-министрлері екіжақты ынтымақтастықты арттыру қажеттігін айтты.

Ресей – Қазақстанның негізгі сауда серіктесі. Екі елдің сауда айналымы 2021 жылы 29 пайызға артты.

Қазақстан Премьер-министрі Әлихан Смайылов пен Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустин Нұр-Сұлтанда Еуразия үкіметаралық кеңесінің отырысы аясында кездесіп, сұхбаттасты.  

Бұл кездесуде екі елдің сауда-экономикалық, тасымал және транзит, өнеркәсіп және энергетика, сандық технологиялар және әуе-ғарыш өнеркәсібі саласындағы әріптестігі талқыланды.

Қазақстан Премьер-министрі осы кездесуде екі елдің егін шаруашылығы мен өнеркәсіп саласындағы әріптестігінің 32 пайызға артқанын, бұл салада зор әлеует барын айтып, өзара сауданы арттырып, экспорттық тауарларды әралуандандырып, аталмыш салаларда тығыз байланыс орнатуды сұрады.

Осы кездесуде, сондай-ақ, Қазақстан мен Ресей арасында әуе қатынасын орнату мәселесіне баса назар аударылды. Қазіргі таңда екі көрші арасында аптасына 21 бағыт бойынша 54 рейс қатынайды.