Нау 01, 2022 20:12 Asia/Almaty
  • Украинадан Қазақстан азаматтары елге оралуда

Украинадан Қазақстан азаматтарын қайтару басталды.

Fars News агенттігінің мәліметінше, Алматы қалалық әкімшілігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясының нәтижесінде Польшаға жеткізілген Украинада тұратын 175 қазақстандық «Эйр Астана» әуе компаниясының алғашқы рейсімен Алматы қаласына келді.  Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта Қазақстанның Украинадағы елшілігінің консулдық бөлімінде 517 қазақстандық уақытша және 1133 азамат тұрақты тіркеуде тұр. Украинадағы қазақстандықтарды елге қайтару үшін тағы бірнеше рейс жоспарланды.