Қазақстан күштерінің Украинаға жіберілгені туралы ақпарат теріске шығарылды
(last modified Thu, 03 Mar 2022 18:06:14 GMT )
Нау 04, 2022 00:06 Asia/Almaty
  • Қазақстан күштерінің Украинаға жіберілгені туралы ақпарат теріске шығарылды

Қазақстан Қорғаныс министрлігі қазақ күштерінің Украинадағы соғысқа қатысу үшін жіберілгені туралы ақпаратты теріске шығарды.

Fars ақпарат агенттігінің Душанбеден хабарлауынша,  stopfake.kz сайты Қазақстан Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап: "Қазақстан күштерінің Украинамен соғысқа тартылып, əскери техника осы елдің батысы мен шығысына жеткізілгені туралы əлеуметтік желілерде таралған ақпарат жалған. Мұндай жалған ақпараттың таралуына Қазақстанның ішінде əскери құрал-жабдықтардың тасымалдануы себеп болған",-деді.

Қазақстан Қорғаныс министрлігі əскери құрал-жабдықтардың тасымалдануын алдын ала жоспарланған əскери жаттығу деп атады.

Тегтер