Қазақстан Ресей мен Украина қақтығысында бейтараптық жариялады
(last modified Fri, 04 Mar 2022 15:55:56 GMT )
Нау 04, 2022 21:55 Asia/Almaty
  • Қазақстан Ресей мен Украина қақтығысында бейтараптық жариялады

Қазақстан Қорғаныс министрінің орынбасары: "Қазақстан Ресей мен Украина қақтығысында ешбір тарапты қолдамайды",-деп мəлімдеді.

Сұлтан Камалетдинов: "Ресей мен Украина қақтығысының Қазақстанға қатысы жоқ. Нұр-Сұлтан үкіметі ешбір тарапты жақтамайды",-деді.

Қазақстан Қорғаныс министрлігі: "Қазақстан Қарулы күштерінің бір бөлімшесін халықаралық міндеттемелер аясында бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтауға жіберу туралы шешімді ел Президентінің ұсынысы негізінде ел Парламенті қабылдайды",-деді.

Осыған дейін Қазақстан Парламенті Сенат палатасының төрағасы Ресей мен Украинаны жақын əрі дос елдер деп атап: "Қазақстан бұл дағдарыстың бейбіт жолмен шешілетініне үміттенеді",-деді.

Тегтер