Қазақстандағы Наурыз мерекесі және Иран өнері мен мәдениетінің көрмесі
(last modified Wed, 16 Mar 2022 10:45:14 GMT )
Нау 16, 2022 16:45 Asia/Almaty
  • Қазақстандағы Наурыз мерекесі және Иран өнері мен мәдениетінің көрмесі

Қазақстанның Ақтау қаласында ежелгі Наурыз мерекесі мен Иран өнері мен мәдениетінің көрмесі басталды.

 

Биылғы Наурыз мейрамы Иран өнері мен мәдениеті көрмесінің ашылуымен бірге ИИР-ның Қазақстанның Ақтау қаласындағы Бас консулдығы Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетімен бірлесіп ұйымдастырды. Бұл көрме Университетте 4 күннен бері өтіп жатыр. Наурыз мерекесінің әдет-ғұрыптарымен таныстыратын бөлім, оның ішінде «Хафтсин» дастарханы мен шайхана көрермендерді ерекше қызықтыруда. Көрмеге мұндай деңгейде Қазақстанда алғаш рет қойылған және келушілердің үлкен ықыласына бөленген каллиграфия,  сурет және картиналар ұсынылды. Бұл көрменің тағы бір бөлігі, атап айтқанда кілемдер, кілемшелер, ою-өрнек және мозаикалық суреттер, шыны ыдыстар және басқа да Иранның қолөнер бұйымдары келушілердің жоғары бағасына ие болды.

 

Тегтер