Қазақстанда Иранның арнайы көрмесі өтеді
Иранның Сауданы дамыту ұйымының бас директоры Қазақстанда Иранның арнайы көрмесінің өтетінін хабарлады.
IRNA агенттігінің сәрсенбі күнгі мәліметі бойынша, Иранның Сауданы дамыту ұйымының бас директоры Алиреза Пейманпак Иранның Қазақстандағы арнайы көрмесінің 2022 жылдың 1-3 шілдесі аралығында Алматы халықаралық көрме орталығында өтетініне тоқталып: «Қазақстанның ирандық тауарларды экспорттауда жоғары әлеуеті бар. Сондықтан бұл көрме еліміздің экономикалық белсенділері үшін жақсы мүмкіндік. Қазіргі уақытта Қазақстан үкіметі Иранмен сауда қарым-қатынасының дамуын құптайды және біз Қазақстанның Сауда министрлігінен Еуразиялық одақ тұрғысынан да, екіжақты сауда қатынастары тұрғысынан да айтарлықтай ынтымақтастықты көріп отырмыз»,- деді.