Қазақстан астық пен ұн экспортына шектеу енгізу шешім қабылдады
ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Айдарбек Сапарбаев 15 сәуір 15 маусымның аралығында елге астық пен ұн экспорттауға шектеу қойылатынын мәлімдеді.
Fars News ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Айдарбек Сапарбаев сөзінің жалғасында осыған байланысты бидай квотасы 1 миллион тонна және ұн үшін 300 мың тонна деп белгіленгенін, бұл шектеудің ішкі нарықтағы тапшылықтың алдын алу және ұн тартатын кәсіпорындарды жүктеу үшін қажет екенін, сондай-ақ Қазақстандағы астық пен ұнның көлемінің ішкі сұранысты өтеуге жететініне тоқталды. Сапарбаев сондай-ақ 7 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстанның 118 мың тонна ұн қоры бар екенін мәлімдеп: «Сонымен қатар, Қазақстанның ұлттық азық-түлік компаниясының қоры 800 мың тоннадан астам, қажет болса жағдайды тұрақтандыру үшін ішкі нарыққа жөнелтіледі»,- деді.