Қазақстан бидай экспортын шектеу туралы шешім қабылдады
(last modified Tue, 19 Apr 2022 11:31:10 GMT )
Сәу 19, 2022 17:31 Asia/Almaty
  • Қазақстан бидай экспортын шектеу туралы шешім қабылдады

Батыстың Ресейге қарсы науқаны мен Ресейдің оларға қарсы шара қолдануы Қазақстанды бидай мен ұнға тапшы етіп, елдің бидай экспортына шектеу қою шешіміне себеп болды.бұл шешім алдағы екі айда іске асырылады.

 

Қазақстандағы жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, ұн тартатын зауыттар елдің түкпір-түкпірінде, әсіресе Ресеймен шекаралас аймақтарда жабылған. Қазақстанның Ауыл шаруашылығы министрлігі елдегі бидай қоры азаматтардың алаңдаушылығын сейілту үшін жеткілікті екенін айтады. Осы кезде нан бағасының қымбаттауы  қазақстандықтарды алаңдатып отыр. Бұл алаңдаушылықты жою үшін үкімет ұн мен нан қымбаттаса, қосымша субсидия төлеуге уәде берді.

Қазақстан астық өндіру және әлемге экспорттау бойынша маңызды елдердің бірі болып табылады.

 

Тегтер