Қазақстаннан Ресей мен Қытайға мұнай экспорты артты
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i60456-Қазақстаннан_Ресей_мен_Қытайға_мұнай_экспорты_артты
Қазақстан Каспий құбырларының зақымдануына байланысты қысқа үзілістен кейін Ресей мен Қытайға көлемін арттырып, мұнай экспортын қайта бастады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Сәу 20, 2022 15:27 Asia/Almaty
  • Қазақстаннан Ресей мен Қытайға мұнай экспорты  артты

Қазақстан Каспий құбырларының зақымдануына байланысты қысқа үзілістен кейін Ресей мен Қытайға көлемін арттырып, мұнай экспортын қайта бастады.

 

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Қазақстанның мұнай-газ компаниясы сейсенбі күні Ресей мен Қытайға мұнай экспортын арттырғанын хабарлады. Компания мұндай шешімнің басты себебі ретінде Каспий құбыр консорциумынан мұнайды қайта бөлуді атады.

ҚР Ұлттық мұнай компаниясы таратқан мәлімдемеде "Атасу-Алашанькоу" мұнай құбыры арқылы экспортталған мұнай көлемі 40 мың тоннаға бағаланып отырғаны айтылған.