5 маусымда Қазақстанда Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу референдум өтеді
Қазақстан Президенті Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу референдумды 5 маусымға белгіледі.
«Фарс» ақпарат агенттігінің дүйсенбі күнгі мәліметі бойынша, Қасым-Жомарт Тоқаев ағымдағы жылдың 5 маусымында Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу референдум өтетіні туралы Жарлыққа қол қойды. Тоқаев: «Алдағы референдум кез келген азаматқа Қазақстанның болашағын айқындайтын тарихи оқиғаға тікелей қатысуға мүмкіндік береді. 27 жыл бұрын өткізілген референдумда қазіргі Ата заң қабылданды. Одан кейінгі барлық конституциялық реформа Парламентте мақұлданды»,- деді. Тоқаев конституциялық өзгерістердің мақсаты Қазақстандағы бүкіл мемлекеттік үлгіні жан-жақты өзгерту екенін айтты. Қазақстан Президенті: «Бұл реформалар президенттік басқару үлгісінен күшті Парламенті және есеп беретін Үкіметі бар президенттік республикаға түбегейлі көшуді көздейді",- деп сөзін жалғады.