Түрікменстан мен Қазақстан басшыларының кездесуінде газ және астық мәселесі талқыланды
Түрікменстан Президенті мен Қазақстан Премьер-министрінің бірінші орынбасары Түрікменстанда сұйық отын кешені мен астық терминалын салу туралы ортақ жобалардың перспективасы жайлы келісімге келді.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Түрікменстан Президенті Сардар Бердімұхаммедов Қазақстан Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Склярмен кездесіп, сауда, экономика, мұнай, газ, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы салаларында екіжақты әріптестіктің басым бағыттарын талқылады.
Осы кездесуде Қазақстанды газбен қамтамасыз ету және Түрікменстанда астық терминалын салу туралы сұхбат болды.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан Президентіне хат жолдап: "Энергетика, логистика, өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы салаларында ортақ жобалар орындау екі елдің әріптестігін дамытуға шынайы стимул бола алады",-деді.