Аймақ қауіпсіздігі Тоқаевтың ШЫҰ ұйымы бас хатшысымен кездесуінің басты өзегі болды
Қазақстан Президенті мен Шанхай ынтымақтастық ұйымының бас хатшысы сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық әріптестікті дамытудың маңыздылығын атап өтті.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шанхай ынтымақтастық ұйымының бас хатшысы Чжан Миннің кездесуінде осы ұйымның геосаяси жағдайдағы жұмысының маңызды қырлары сөз болды.
Қазақстан Президенті өз елінің осы ұйымның белсенді мүшелерінің бірі екенін айтып: "Бұл ұйым – халықаралық құрылымдар арасында ең сәтті ұйымдардың бірі",-деді.
Тоқаев сондай-ақ Шанхай ынтымақтастық ұйымының бас хатшысына осы ұйым делегациясының жексенбі күні Қазақстанда өтетін референдумға бақылау жасайтынына алғыс айтты.
Чжан Мин Қазақстан Президентінің басқа мүше елдер басшыларымен бірге оның Шанхай ынтымақтастық ұйымының бас хатшысы болуға үміткерлігін қолдап, сенім білдіргеніне алыс айтып: "Осы ұйымның әлеуетін арттырып, мүше елдермен әріптестікті нығайтуға бар күшімді саламын",-деп сендірді.