Қазақстанда Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы референдум өтуде
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i61550
Қазақстанда бүгін,  жексенбі күні Назарбаевтың 30 жылдық билігін аяқтау үшін конституциялық референдум өтуде.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Маусым 05, 2022 18:33 Asia/Almaty
  •  Қазақстанда Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы референдум өтуде

Қазақстанда бүгін,  жексенбі күні Назарбаевтың 30 жылдық билігін аяқтау үшін конституциялық референдум өтуде.

 

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметінше, Франс Пресс ақпарат агенттігі Алматы мен ел астанасы Нұр-Сұлтанда сайлау учаскелері жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 7-де ашылып, кешкі сағат 20.00-де жабылады деп хабарлайды. Елдің батысында дауыс беру бір сағаттан кейін аяқталады. Бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаев пен оның отбасы Қазақстандағы билік іргетасы соңғы көтерілістерден шайқалғанымен, жылдар бойы билік басында болды. Минералдар мен көмірсутектерге бай Қазақстанда қаңтарда 230-дан астам адамның өмірін қиған зорлық-зомбылықпен шайқалды. Қазақстандағы 1991 жылы тәуелсіздік алғаннан бергі ең сорақы толқулар жанармай бағасының өсуіне байланысты бейбіт шерулерден басталып, кейін әскери және азаматтық күштер арасындағы қақтығысқа ұласты. Қазақстанның қазіргі президенті, 69 жастағы Қасым-Жомарт Тоқаев 81 жастағы Нұрсұлтан Назарбаевтың адамы болып саналады. Назарбаев 2019 жылы отставкаға кетті, бірақ оның саяси ықпалы елде басым. Қаңтардағы тәртіпсіздіктер бетбұрыс болды, өйткені Тоқаев дағдарысты Назарбаевты күйрету үшін пайдаланған сияқты. Қасым-Жомарт Тоқаев өткен айда конституциялық референдум өткізуге шақырды. Конституциялық түзетулер конституцияның баптарының үштен біріне жуығын өзгертуі керек, атап айтқанда, Нұрсұлтан Назарбаев Елбасы мәртебесі алынып тасталады. Өйткені бұл атақ Нзарбаевқа айтарылқтай өкілеттік берді. Түзетулер баптарының біріне сәйкес, жоғары лауазымды шенеуніктердің туыстары маңызды мемлекеттік қызметтерді атқара алмайды, бұл Назарбаевтар отбасын ығыстыруды көздегені анық. Қаңтардағы тәртіпсіздіктердің нақты себептері әлі күнге дейін жұмбақ күйінде қалып отыр. Зорлық-зомбылық Алматының орталығын талқандады, бірақ 2018 жылы бұрынғы Астана атауы өзгертілген Нұр-Сұлтан қаласы толқулардан аман қалды.

Тоқаев лаңкестерді билікті басып алмақ болды деп айыптады. Тоқаев дағдарыстан кейін Назарбаевты байларды қолдады деп айыптап, ашық сынады. Бұрынғы президенттің жиені наурыз айында қамауға алынып, оған ақша жымқырды деген айып тағылған.

Назарбаев пен Тоқаев Ресей және Қытаймен тығыз қарым-қатынасты қолдайды. Тәртіпсіздік кезінде Тоқаев Ресейді көмекке шақырып, Ресей Қазақстанға әскери одақ құрамында әскер жіберді. Нұрсұлтан Назарбаев қаңтар айынан бері ел алдына сирек шыға бастады. Бірақ ол дүйсенбіде берген сұхбатында Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша референдумға қатысып,  дауыс беруге шақырды.