Қазақстан Президенті Теһранға барады
(last modified Mon, 13 Jun 2022 10:17:40 GMT )
Маусым 13, 2022 16:17 Asia/Almaty
  • Қазақстан Президенті Теһранға барады

Қазақстан Президенті Иран Президенті Ибраһим Раисидің ресми шақыруымен 19 маусымда Теһранға сапар шегеді.

Кеңес одағы заманында дəнді дақылдар сияқты ауыл шаруашылығы өнімдерімен қамтамасыз ететін маңызды орталықтардың бірі болған Қазақстан тəуелсіздік алғаннан кейін мұхитқа тікелей шыға алмағандықтан өз тауарларын экспорттау үшін Иранды транзит жолы ретінде пайдаланып отыр, екінші жағынан Иранды кейбір дəнді дақылдармен қамтамасыз ететіндіктен екі ел тығыз əріптестік жасап келеді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Қазақстан Президентінің əкімшілігі дүйсенбі күні жасаған мəлімдемесінде: "Қасым-Жомарт Тоқаевтың Теһран сапарында жоғары сатыда екіжақты отырыстар өткізіліп, бірқатар үкіметаралық құжаттарға қол қойылады деп жоспарланып отыр",-деп хабарлады.

Тегтер