Сирия дағдарысын шешуге арналған «Астана отырысы» басталды
(last modified Wed, 15 Jun 2022 09:35:05 GMT )
Маусым 15, 2022 15:35 Asia/Almaty
  • Сирия дағдарысын шешуге арналған «Астана отырысы» басталды

«Астана отырысында» Ресей өкілі Израильдің Сирияға жасаған шабуылын және бұл елде америкалық әскерилердің болуын сынға алды.

 

Fars News  ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Александр Лаврентьев 18-ші «Астана отырысының» басында Израильдің Сирияға жасаған шабуылдарын қабылдамайтынын айтып, оны Нұр-Сұлтанда талқыланатын мәселелердің бірі деп атады. Ресей дипломаты АҚШ әскерінің Сирияда болуын және ДАИШ-пен күресу сылтауымен бұл елдің мұнайын талан-таражға салуды заңсыз деп атап: «Астана отырысында АҚШ-тың Сириядағы заңсыз араласуын талқылаймыз. Украинадағы соғысқа қарамастан, Сирия мәселесін шешу Ресейдің сыртқы саясатындағы басты басымдықтардың бірі болып табылады»,- деді.

«Астана отырысына» ИИР Сыртқы істер министрінің аға кеңесшісі Әлиасғар Хаджи қатысуда.

 

Тегтер