Қазақстанда инфляция күрт өсті
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i62498
Биыл Қазақстандағы инфляция рекордтық көрсеткішке жетіп, 14,5 пайызға жетті.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Шіл 15, 2022 20:01 Asia/Almaty
  • Қазақстанда инфляция күрт өсті

Биыл Қазақстандағы инфляция рекордтық көрсеткішке жетіп, 14,5 пайызға жетті.

«Fars news» агенттігінің хабарлауынша, бұл инфляция деңгейі 7 жыл бұрын Қазақстанда бұрын-соңды болмаған. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкімет  отырысында инфляция деңгейін жариялау кезінде 2015 жылдан бері 14,5 пайыздық инфляция бұрын-соңды болмағанын айтты. Қазақстанның Орталық банкі де инфляция деңгейін 2022 жылдың соңына дейін 13-15 пайыз аралығында деп болжады. Тоқаев инфляция мен азық-түлік бағасын тұрақтандыру, азаматтардың кірісін арттыру және адами капиталды дамыту, ақша-несие және қаржы саясатын жетілдіру, экономиканың нақты секторын қолдау, энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жол инфрақұрылымын дамыту қажеттігін атап өтті. Елдің геосаяси сын-қатерлеріне тоқталған Қазақстан Президенті биылғы жылдың алты айында экономиканың 3,4 пайыздық өсімін қолайлы деп атады.