Қазақстан Транскаспий дәлізіндегі операциялық әлеуетін арттырғысы келеді
Шіл 17, 2022 16:05 Asia/Almaty
Қазақстанның Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі көлік комитетінің басшысы өз елінің Транскаспий көлік бағытының пайдалану мүмкіндігін арттыруға күш салып жатқанын хабарлады.
Fars news агенттігінің хабарлауынша, Қасым Тілепов: «Транскаспий халықаралық көлік бағыты Қытайдан басталып, одан әрі Қазақстан, Әзірбайжан, Грузия аумағы арқылы өтіп, Еуропаға жететін транзиттік және экспорттық мүмкіндіктерді әртараптандыру нұсқаларының бірі болып табылады»,- деді. Ол: «Каспий теңізінде кеме флотының тапшылығына байланысты Қазақстанда 10 кемелік флот құру жоспарлануда»,- деп айтты.
Тегтер