Иран мен Қазақстан арасындағы экономикалық алмасу көлемі 2,5 есеге артты
(last modified Thu, 21 Jul 2022 09:08:37 GMT )
Шіл 21, 2022 15:08 Asia/Almaty
  • Иран мен Қазақстан арасындағы экономикалық алмасу көлемі 2,5 есеге артты

ИИР Алматыдағы Бас консулы Иран мен Қазақстан арасындағы экономикалық алмасудың құны 2021 жылы 2020 жылмен салыстырғанда екі жарым еседен астам артып, 440 миллион долларға жеткенін хабарлады.

 

IRNA агенттігінің сәрсенбі күнгі мәліметінше, Мохсен Фағани Алматыда жүз ирандық экономикалық және іскер белсенділердің қатысуымен өткен отырыста екі ел арасындағы сауда көлемінің айтарлықтай өсіп,  2020 жылғы 168 миллион доллардан 2021 жылы 440 миллион долларға жеткенін хабарлады.

Фағанидің айтуынша, Иран мен Қазақстан арасындағы екіжақты сауданың өсуі биыл да жалғасып, осы жылдың (2022)  алғашқы 4 айында екі ел арасындағы тауар айналымы 251 миллион долларға жеткен. Алматыдағы Иранның бас консулы Иран азаматтары үшін 14 күндік визаның жойылуына сілтеме жасап: «Бұл мәселе ирандық кәсіпкерлердің, инвесторлардың және туристердің Қазақстанға келуін және екі елдің әлеуетін өзара мойындауды арттырды.

 

Тегтер