Иран мен Қазақстан екіжақты әріптестікті дамыту керегін қуаттады
(last modified Wed, 10 Aug 2022 14:26:53 GMT )
Там 10, 2022 20:26 Asia/Almaty
  • Иран мен Қазақстан екіжақты әріптестікті дамыту керегін қуаттады

Иранның Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар министрі мен Қазақстанның Цифрлық даму, инновациялар мен аэроғарыш өнеркәсібі министрі екіжақты әріптестікті дамыту керегін қуаттады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иса Зарепур Қазақстанға сапарының екінші күнінде Бағдат Мусинмен кездесіп, екіжақты әріптестікті дамыту керегін баса айтып, коммуникация және ғарыштық технологиялар салаларында ортақ тақырыптарды талқылады.  

Осы кездесуде ақылды үкіметті дамыту саласында әріптестік жасау (Қазақстан – электронды үкімет саласында дамыған елдердің бірі) және ғарыш өнеркәсібі саласында әріптесіп, екі елдің ғарыш инфрақұрылымын бірлесе пайдалану, ғарыш саласында ғылыми зерттеулерді дамыту және жерсеріктерді бірлесе жасау тақырыптары талқыланды.    

Ирандық компаниялардың Қазақстан нарығында жұмыс істеуі де қарастырылып, Қазақстанның Цифрлық даму министрінің қолдауына ие болды. Бір ай бұрын Қазақстанда өткен көрмеде ирандық компаниялар өз өнімдерін таныстырған болатын.    

Тегтер