Қазақстан Ресейдің Еуразиялық даму банкіндегі үлесін сатып алуға ниетті
(last modified Thu, 18 Aug 2022 14:52:06 GMT )
Там 18, 2022 20:52 Asia/Almaty
  • Қазақстан Ресейдің Еуразиялық даму банкіндегі үлесін сатып алуға ниетті

Қазақстанның Қаржы министрі Нұр-Сұлтан үкіметінің Ресейдің Еуразиялық даму банкіндегі үлесін сатып алуға ниетті екенін мәлімдеді.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ерұлан Жамаубаев: "Бұған қатысты нақты шешім қабылданған жоқ, өйткені қандай акция ұсынылатынына байланысты. Басқа елдер, соның ішінде Қазақстан белгілі бір акцияны сатып алуға дайын ба, жоқ па? Қаржы жағынан қаншалықты қымбат болады?"-деді. 

Қазақстанның Қаржы министрі қазіргі таңда Еуразиялық даму банкіндегі акциялар себетінің 36 пайызы осы елге тиесілі, 39 пайызы Ресейдің қолында және 23 пайызы Беларусьқа тиесілі екенін айтты.

Еуразиялық даму банкінің қазіргі қаржы көлемі – 4,4 млрд доллар.

Тегтер