Қазақстанның «Қазатомөндіріс» компаниясы «Транскаспий» дәлізін пайдалуы мүмкін
(last modified Sat, 20 Aug 2022 08:56:41 GMT )
Там 20, 2022 14:56 Asia/Almaty
  • Қазақстанның «Қазатомөндіріс» компаниясы «Транскаспий» дәлізін пайдалуы мүмкін

Қазақстанның табиғи уран өндіруші компаниясының басшылары: «Ресей Украина арасында қақтығыстар күшейген жағдайда және Санкт-Петербург арқылы уранмен қамтамасыз етуде қиындықтар туындаса, альтернативті жол ретінде «Транскаспий» дәлізін пайдалуға дайын»,-деп мәлімдеді.

Fars ақпарат агенттігінің Душанбеден хабарлауынша, Қазақстанның «Қазатомөндіріс» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Ержан Мұқанов сенбі күні бір баспасөз отырысында: «Жағдай өте күрделі. Кен орнын дайындау және өндіру бағдарламаларына өзгеріс ензіліуі ықтимал. Санкт-Петербург айлағы арқылы дайын өнім тасымалдауда да айтарлықтай шектеулер бар»,-деді.   

Мұқановтың айтуынша, белгілі бір себептерден негізгі бағытты пайдалану мүмкін болмаған жағдайда «Қазатомөндіріс» компаниясы осы қатерді азайту үшін тиісті шаралар атқарып, альтернативті жол ретінде «Транскаспий» халықаралық дәлізін қолдануы ықтимал. «Транскаспий дәлізі» Ресей территориясынан тыс жатыр және 2018 жылдан бері осы компания тарапынан қолданылып келеді.

Тегтер