Қазақстан - Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII Съезінің қабылдаушысы
(last modified Wed, 14 Sep 2022 08:20:56 GMT )
Қыр 14, 2022 14:20 Asia/Almaty

Қазақстанның астанасында 60 елдің, соның ішінде ИИР-ның діни жетекшілері мен дәстүрлі діндер өкілдері жиналды.

 

Қазақстанның астанасында өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII Съезіне   қатысу үшін әлемнің 130 діни, саяси және мәдени делегация құрамында 60 елдің діни көшбасшылары мен дәстүрлі діндері өкілдері жиналды.  Дүниежүзілік Ислам діндерін жақындастыру ассамблеясының Бас хатшысы Хамид Шахриари,   Ислам мәдениеті мен байланысы ұйымының басшысы Мәһди Иманипур мен  Қазақстандағы Иран елшісі Маджид Самадзаде Сабер   Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII Съезіне  Иран атынан қатысуда.

Иран Ислам мәдениеті және байланыс ұйымының басшысы сейсенбі күні Еуразия ұлттық университетінің Тіл білімі мұражайын аралау кезінде осы университеттің ректоры Ерлан Сыдықовпен практикалық, білім беру және мәдени ынтымақтастықты нығайту жолдарын талқылады. Қазіргі таңда Қазақстанның үш ірі университетінде, соның ішінде Еуразия ұлттық университетінде парсы тілі курстары жұмыс істейді.

 

Тегтер